Нұрмұхамед Азимұлы: ИСЛАМДАҒЫ КӨРШІ АҚЫСЫ.

Көрші-қонсы ортақ, етене араласып ,күнделікті жүзбе-жүз кездесіп,амансаулық сұрасып жүретін кісілеріміз.Қазақ халқы «КөршініҚұдай қосады» «Алыстағы туыстан- жақындағы көршін артық» «Адам күні -адаммен»-демекші ,күнделікті өмірде әркім-ақ көршіні қажетсінеді . Көршімен сыйластық-ел сыйластығын,көршімен татұлық-қоғамнын татулығын ұқтырады.Ислам діні көршімен жарасымды силастықта болуға шақырады .Қасиетті Құранда:»Аллаға құлшылық қылындар. Оған ешкімді серік қоспандар. Әке- шешеге,тұстарға,жетімдерге,кедей-кепшіктерге,жақын көршіге,алыс көршіге,жаныңдағы жолдасына,қаражаты таусылған жолаушыларға,қолдарыңа қарағандарға(қызметшілерге) жақсылық жасандар. Алла даңдайсыған тәкаппарларды жақсы көрмейді». (нисса сүресі,36-аят)-делінген.
Исламда көршілер өздеріндегі ақыларына қарай үш түрге бөлінеді :
1) үш түрлі ақысы бар көрші: әрі туыс,әрі мұсылман,әрі көрші.
2) екі түрлі ақысы бар көрші: әрі мұсылман, әрі көрші.
3) бір ғана ақысы бар көрші: тек қана көрші (христиан,еврей,буддистъ)
Өмірде жақсы көрші бола білүдің өзі үлкен сың.Өткені,ол иманның беріктігі мен ізгі мұсылманшылықты білдіреді.Жақсы көрші бола білу — жақсы мұсылман бола білуді де анғарпақ.
Пағамбарымыз(с.а.с.) хадистерінде «Көршісіне зияны тиетін адам жұмаққа кіре алмайды»,»Аллаға,қыямет күніне сендім деген адам көршісін сыйласын»,»Алла назарында достардың ең жақсысы досына ең қайырлы,пайдалы болғаны. Алла назарында көршілердін ең жақсысы көршілеріне ең қайырлы болғаны».-деген.
Хылқымыз «Көрші ақысы-Тәңірі ақысы»-деп,оған аса мұқият қарауға тырысқан.
Мұсылман ғалымы имам Ғаззали бұл жайлы былай дейді:» Көрші ақысы  көршіге жамандық жасамаумен ғана шектелмейді.Оған қоса,көршіге әр дайым жақсылық жау да осының аясына кіреді.Мұсылмандықта көршіге сыпайы мінез таныту, көршімен кездескенде онымен амандасу,ауйрғанда қалін сұрау , қағысын бөлісу,қуанышта ортақтасу,жолаушылап кеткенде үй-ішіне бас-көз болу,балаларына жақсы қарау,айыбын әшкрелемеу,дінге не күнделікті тіршілікке катысты ақыл сұрған істерде дұрыс жөн сілтеу т.б.-бәрі де көрші ақысына жатады.
Сүйікті Пайғамбарымыздың(с.а.с) хадистерінде:
«Аллаға ант етейін,өзіне тілеген жақсылықты көршісіне,не дідес басқа біреуге де тілемейінше шынай иман ете алмайсың».
«Бір мұсылман қайтыс болғанда,көршілерінен үш кісі ол жайлы жақсы күа болса,Алла Тағала былай дейді:»Осы білгендерін құлдарыма күа ретінде қабыл алдым,немесе :Бұл құлымның Өзім білетін күнәларын кештім» деп бұиырады».-делінген.
Сөзімізді түйіндей келгенде,жоғарыда айтылғандай көршімен сыйластық- ел сыйластығын, көршімен татұлық- қоғамнын татулығын ұғындырады дегеніміздей ,Алла Тағала бәрімізге бұл дүнеде жақсы,игі,қайырлы,қайырымды көршілер нәсіп етсін,ақыретте сүйікті ,ардақты Алла елшісі Мұхаммед Мустафа (с.а.с) мен көрші болуды нәсіп етсін деп тілейміз!!!
Сарыағаш Орталық Мешітінің имамы:                       Бижанов Нұрмухаммед Азимұлы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники