ҚМДБ ресми сайтының жаңа нұсқасы таныстырылды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты – www.muftyat.kz интернет басылымның жаңа пішіндегі һәм өзгеше безендірілген нұсқасының таныстырылымы өтті. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жаңартылған сайттың тұсаукесер іс-шарасына ҚМДБ төрағасы қатысты.
Шара барысында сайттың өзіндік ерекшеліктері атап өтіліп, жасалған жұмыстар бойынша ақпарат берілді. Қайта өңделген сайттың ішінде оқырмандарды қызықтыратын жаңа айдарлар мен бағандар пайда болған. ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі  Ершат Оңғаров: «Бүгінгі таңда біз сайтымыздың сапасын арттыруға, оқырмандардың талабы мен талғамын қанағаттандыруға баса назар аударып отырмыз. Сайтымыздың жаңа түрін оқырмандарымыздың қолдануына оңтайлы етіп жасап шықтық. Саусақтың бір ғана қозғалысымен қажетті ақпаратты тауып алуға мүмкіндік береді», – деді ол.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы сайт жұмысына оң бағасын беріп, жамағатты жақсылыққа, береке мен бірлікке шақыруда интернет ресурстарды барынша пайдалану қажеттігін қаперге салды.
Сонымен жаңа сайттың артықшылықтары мен ерекшеліктері төмендегідей:  

Сайттың жаңартылуы барысында, сайт кеңейтіліп, толығымен құжатталған жүйе бойынша басқарылатын болды. Аталмыш жүйе сайтты бұзудан сақтап, оның қауіпсіздігі мен тұрақты жұмыс істеуіне кепіл болады.
Сайттың арнайы «Созылмалы беттеулері» функциясы сайттың парақшаларын әр түрлі көлемде — үлкен экранннан бастап планшеттер мен Android, Apple жүйесіндегі кіші смартфон экрандарында да айна қатесіз көруге мүмкіндік береді.
Ал XML sitemap технологиясы дер кезінде сайттың жаңа ақпараттары жайлы google мен yandex желілеріне хабарлап отырады. Бұл өз кезегінде сайт парақшаларының индексациясын арттырады.
Жүйенің «Кроссбраузерлігі» сайттың негізгі браузерлердің барлығында да дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ әр түрлі компьютерлерде дұрыс ашылып, тез жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Сайттың бөлімдері бойынша кеңейтілген «контекстік іздеу» функциясы іздеу параметрлерін басшылыққа ала отырып, тек қажетті ғана ақпаратты алуға мұрсат береді.
Сонымен қатар, сайттың ішіне көптілділікке жауап беретін мультитілді модуль орнатылды. Орнатылған модуль арқылы оқырман ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде, әрі төте және латын харіптерінде ала алатын болады. Бұл өз кезегінде сайт контентінің әлемнің түпкір-түпкіріне таралуына мүмкіндік туғызады.
ҚМДБ-ның мақалалары мен жаңалықтарын өзге сайттарда көрсетуге мол мүмкіншілік беретін сайттың арнайы «Информер» бөлімі жасалды.  «Информер» сайт оқырмандарының қатарын көбейтуге үлкен септігін тигізетін болады.
«Интерактивті карта» бағаны – бұл Қазақстанның электронды картасы. Бұл карта арқылы аймақтар жайында қажетті ақпараттарды алумен қатар, өңірлердегі діни белсенділік беталысын да бақылап отыруға болады.
«Мультимедиа» санаты бірнеше бөлімді қамтиді. Олар: Аудио, Бейне, Сурет.
Сайттың ішкі беттерінің дизайнынан бастап, негізгі контенттері мен айдарлардың орналастырылуы, жалпы сайттың логикалық құрылымына дейін барлық жағдайлар ескеріліп үлкен жұмыс атқарылды. Осының арқасында тіпті тәжірибесіз ғаламтор пайдаланушысы да өзіне қажетті ақпаратты сайттан еш қиындықсыз тез тауып ала алады.

http://www.muftyat.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники