Қазығұрт ауданы: Жақсы іске себепші болайық ағайын!

Қасиетті Мұхаррам айының қасиетті Ашура күні аудан орталығындағы 4 мұқтаж отбасыларға қамқорлық игі ісі атқарылды. Қамқорлық іске демеушілік жасаған азаматтар аттарын атамауды жөн санады. Үйлену той алдында жастар серуені өтетіні белгілі. Әрине серуендеуге қымбат көліктерді жалдап серуендейді.  Айтарлықтай шығын болатыны белгілі. Құранда Ағраф» сүресінің 31-аятында  «…Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырып етпеңдер!», деген аяттың бұйрығына жараса аудан жастарының имандылық  жолында үлгілі боларлық үлкен іс жасады. Сол жастар серуеніне кететін қымбат көліктерге жұмсалатын шығынды елге пайдасы тиетін іс жасауға ата анасы мақулдап, жолдастарының осы шығындарды өтеу үшін ортадан жиналатын  қаржы қайда жұмсасақ деп аудандық орталық мешітке келіп  аудан имамы Е.Полатов, имам орынбасары М.Каримовтардың қабылдауында болды. Сұхбат жасау барысында аудан имамы «Бұл істеріңіз сүйсінетін және үлгілі боларлық үлкен шаруа,істеріңізге берекет берсін, жастар бақытты болсын деп дұға жасады Құранда Бақара сүресі 83 аятында «……….жақындарға, жетімдерге, міскіндерге қамқорлық жасаңдар,………..» деген аятын оқып беріп ауылдың ішінде балдары көп, азаматтардың қолұшына зәру отбасылар бар, соларға азық түлік  ретінде көмек жасайық деп өз ойын ортаға салды. Азаматар мақұлдап тез арада демеуші жастар өздері базарға барып бір айға жетерліктей  төрт отбасыға ұн, май, вермишель, тәтті күлшелермен т.б заттарды алып, Аудан имамы өзі бас болып үйді үйлерді аралап таратып, мұхтаж жандардың көңілдеріне қуаныш ұялатты. Күнделікті Аллаға шүкір деп айтайық қаншама тойлар өтіп жатыр, той бола берсін, елде тек қуанышты күндер көп болсын деп тілей отырып, ысырапқа жол бермей тапқан тұянғандарымызды игі істерге үлесімізді қосуға шақырар едім. Аудан жастарының бұл бастамасы жалғасын табуын Жаратушы Иемізден тілейміз.

Аудандық орталық «Мұсылмандар» мешітінің алқа мүшесі Саятбек қажы Азимбаев

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники