Арыс ауданы: Ақпараттық – насихаттық тобы ауылда

ҚР Дін істері агенттігінің тапсырмасына орай Арыс қаласы әкімдігі жанынан жаңадан жасақталған «Діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдар мен секталардың насихаты мен іс-әрекеттерінің алдын алу» мақсатында құрылған ақпараттық — насихаттық топ Байырқұм,Жиделі ауылдарында бекітілген кестеге сәйкес елді мекен тұрғындары мен жастар арасында 2013 жылдың 19 қарашасында кездесу өткізілді. Жиында Қаланың бас имамы Абдулкамал Абдулкәрім Ислам дінін дәріптеу, оның ішінде дәстүрлі дінімізді уағыздайтын «Абу Ханифа» мазхабы адам баласының тура жолдан адаспай азамат қатарына жетуі оның алған біліміне, тәрбиесіне қатысты екенін айта келе, бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қаасиеттері: имандылық, әдептілік,, ізгілік, мейірімділік, ата-ананы сыйлау, діні мен ділін құрметтеп, егеменді еліміздің келешегін көркейтетін — бүгінгі жастар екенін, еліміздің өркендеуіне, дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники