Сарыағаш ауданы: Шариғатымыздағы сауда-саттықтың әдебі

«Алма піс, аузыма түс»-деп отыра бергеннен ештеңе шықпайтынын білген әрбір кеудесінде жаны бар адам өзінің нәпақасын әр түрлі жолмен табуға тырысады,кейбірі егін ексе, енді бірі мал бағады,тағы бірі сауда-саттықпен айналысады.Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у) өз өсиеттерінің бірінде «Ешбір пенде өз еңбегімен тапқан нәрсесінен қайырлы тағам жемеген.Алланың елшісі Дәуід(ғ.с) пайғамбар да еңбектеніп,маңдай терімен тапқанын жеген,»-десе,ал тағы бірінде: «Сендердің қайсы біріңнің арқанын алып,таудан бір бума отын арқалап әкеліп сатуы өзгеден қол жайып сұраудан әлдеқайда жақсы. Кім біледі, ол адам берер я бермес»-деп айтқан хадистерінде ислам дінінде әрбір пенде әркімнен қол жайып қайыр сұрамай өзі еңбектеніп нәпақасын табуға үндейді.

      Қасиетті Құранда Аллаһ тағала былай дейді: «Алла сауданы халал,өсімді харам етті.»(Бақара с, 275-а) «Әй,иман келтіргендер! Мал-мүліктеріңді араларыңда арам жолмен жемеңдер.Егер ол табысыңыз әрбіріңіздің ризашылығымен болған сауда заты болса да.»(Ниса с, 29- а)- деп Аллаһ тағала пенделеріне сауда-сатықпен де айналысуға,кейбір шарттарға бағынған түрде , яғни адалдықпен сауда жасауға рұқсат етеді.Пайғамбарымыз(с.а.у) былай дейді: «Ырыстың онда тоғызы саудамен диқаншылықта.Қалғаны мал асырап сатуда.»

      Шариғатымыз сауда-саттық арқылы тапқан нәпақаларымыз адал болуы үшін бірнеше қағидалар,ережелер бекіткен,оған амал етілмесе тапқан табысымыз, нәпақамыз харам болып қалуы әбден мүмкін.

       Ол қағидалар төмендегіше:

1.Таразы мен өлшемде(метр)әділ болу. Құранда Аллаһ тағала: «Өлшемде әділ болыңдар.Таразыдан жемеңдер.»(Рахман с,9-а) «Кем өлшеушілерді қарғыс атсын! Олар біреуден алғанда толық алады да,басқаға өлшеп бергенде кемітеді. Сонда олар қияметте қайтып тірілетіндеріне сенбей ме? Ол күнде адам біткен күллі әлемнің иесінің алдында тікесінен тік тұрады. Ондайлар (өлшемнен, тараздан )жегенін қойсын. Жаман адамның амалы сөз жоқ Сижинде тұрады.»-дейді.

        Саугерлерге қойылатын басты талап өлшегіш құралдарының (метір)дұрыцс болуы, таразыларының жақсы, дәлме-дәл көрсетуі керек. Пайда қылу мақсатында түрлі қулық-сұмдықтарға, айла-шарғыларға бармау керек. Яғни ұзындықты өлшейтін (метір)құралын бірнеше сантиметрге қысқарту, тараздарына магнит жабыстыру арқылы бірнеше грам ұтуы ,сатылатын тауарын нам (дымқыл)күйінде өлшеу т.б қулықтарға баруға шариғатымыз тыйым салады. Бұл бес күндік фәни дүниеде 5-10тг пайда қылуды оилап, харамға барып адамдарды алдап-арбағанымен Әлемнің Жаратушысы Аллаһ тағаланы алдай алмайтындығын ұмытпауы тиіс.

  2.Өтірік айтпау ж\е өтірік ант-су ішпеу.

Құранда Аллаһ тағала:

«Аллаһ берген серттері мен анттарын  аз ақшаға айырбастайтындарға қиямет күнінде ешқандай  несібе жоқ.Ол шақта Алла оларға тіл қатпайды, қарамайды, күнәдан тазартпайды. Олар ауыр азапта қалады.»-деп ескертеді.

       Сатылатын тауардың кемшілігін білдірмей, сапасызды сапалы деп өтірік айтуға болмайды. Егер саудагер тапқан табысы адал болғанын қаласа, сатып тқған тауарының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар, қандай кемшілігі бар, сапасының айырмашылықтарын т.б-сын жасырмай айтуы керек.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники