Сарыағаш ауданы: Имамдарға жиналыс өтті

ОҚО облыстық орталық мешітінің найб имамы Желеуов Дастан және іс басқарушысы Мақсұтов Сержан Сарыағаш орталық мешітінде аудан имамдарын жинап жиналыс өткізді. Жиналыста айтылған мәселелер:

  1. Әр апта сайын 5 имамнан Шымкент медресесіне бір апталық тәжірибе алмасуға барып сертификат алу.
  2. Мешіттердің тазалығына, жылуына, 5уақыт намазға азан шақыруына мән беру.
  3. Имамдар көздері ашық, сауатты, жан-жақты болу, өз қызметтеріне мұқият болу, жылдық жоспар құру, жастармен жұмыс жасау, газет-жұрналға жазылу.
  4. Мешіттерде әр 3 жыл сайын күрделі жөндеуден өткізіп тұру сияқты бір қатар мәселелер талқыланды.Әр мешітте іс басқарушы болу керек.

Жиналысқа келген аудан имамдарына ауданның бас имамы Кенжебеков Қанатбек Сарыағаш орталық мешітінің іс басқарушы лауазымына тағайындалған Кулсариев Ержанды таныстырды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники