«Түлкібас ата» мешітінде Мәуліт оқылды

Бүгін  Түлкібас  аудандық  орталық  « Түлкібас  ата »  мешітінде  имам -молдалардың  жыл  басындағы  семинар – жиналысы  болды. Бас имам Бауыржан Оңалбаев келген мешіт молдаларына ҚМДБ мен ОҚО өкілдігінің тапсырмаларын таныстырып міндеттеді. Семинар соңында «Түлкібас ата» мешітінің наиб имамы Латифша Панаев пен Хадия мешітінің молдасы Мұхит Қыпшақбаев пайғамбарымыз (с.ғ.с)-ның Мәуліт күніне арнап уағыз айтты. Наиб имам Латифша Панаев пен қарылар курсының шәкірті Мұхит Оңалбай Мәуліт шариф оқыды.Мәуліт соңында  « Ауыл » ЖШС-нің директоры Сламхан қажы Дауылбаев өз атынан Мәуліт күніне арнап дастархан жайып құдайы — садақа  беріп ақсақалдардың батасын алды.

«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген: Бауыржан Әзиз.

13.2014 жыл.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники