Ақтөбеде заңсыз жұмыс істеген діни бірлестік анықталды

Ақтөбеде қаланың ескі ауданындағы жекеменшік үйлердің бірін тексеру барысында заңсыз жұмыс істеп жатқан  евангел христиан баптистері діни бірлестігі анықталды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш бірлестік мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Тәртіп сақшылары барған кезде, үйде бала-шағаларымен 70-ке жуық адам болған. Полицейлер 43 діни кітап тауып, оларға діни сараптама тағайындалды. Сондай-ақ үйдің бір бөлігі діни рәсімдер мен жорғалғылар өткізуге арналып жабдықталған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қосымша тексеру жүргізілуде. Тіркелмеген діни бірлестікке басшылық етіп, оған қатысқаны үшін кінәлі тұлғаларды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 374-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда. Бапта 100 АЕК-ке дейін әкімшілік айыппұл салу көзделген.

Ақпарат көзі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники