Бас имам № 52 мектеп оқушыларымен кездесті

Бүгін № 52 орта мектеп әкімшілігі «Абайлаңыз! Әртүрлі діни ағымдар» атты тақырыпта дөңгелек үстел және «Айныған діндер» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Аталмыш шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт Әліпбекұлы, «Біләл» мешітінің бас имамы Әсембай Талғат және «Әлеуметтік бастамалар орталығының» дінтанушы-мамандары Ұлықбек Алиакбарұлы, Индира Танкишева қатысты.

Аталмыш іс-шараға мектептің 9 «А» сынып оқушылары белсене қатысып, керағар діни ағымдар жайлы көріністер, ән-өлеңдер және Сүгірдің термесін орындап тыңдармандар көңілінен шыға білді.

Бас имам Бейбіт Әліпбекұлы оқушыларға қазіргі қоғамда белең алып отырған жат ағымдар жайлы көптеген мағлұматтар берді.

Іс-шара соңында Бейбіт Әліпбекұлы мектеп директоры К.З.Молдабековаға, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Айжан Оразқызына және 9 «А» сынып жетікшісі мен оқушыларына алғысын білдірді.

Ұ.Алиакбарұлы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники