Түлкібас ауданы: Ауыл имамдарына жамағатқа діни сабақ жүргізу міндеттелінді

Аудандық орталық «Түлкібас ата» мешітінде кезекті-семинар жиналысы болды. Бас имам Бауыржан Оңалбаев мешіт имамдарына ҚМДБ және ОҚО өкілдігінен келген жаңа міндеттемелермен таныстырды. Келесі кезекті семинарлар әрбір округтерде мешіт имамдарының ұйымдастыруымен және сол мешіттің жамағатын қатыстыру керек екенін міндеттеді. Бұл семинарда мешіт имамы арнайы бекітілген жоспар бойынша сабақ өтіп,баяндама жасайтынын айтып өтті. Әрбір мешіт имамына жамағатына діни сабақ жүргізу  үшін  ҚМДБ — нан келген Құран әліппелері таратылды. Аудандық ішкі  саясат бөлімінің бас маманы Шахмардан Сақыбеков сөз сөйлеп  әрбір семинарда  өзінің  үнемі  қатысатынын  айтты.

«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі:

Суретті түсірген: Мұхит Оңалбай.

19.02.2022 жыл

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники