ҚМДБ: медіресеаралық олимпиада өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында еліміздегі медіресе жетекшілерінің мәжілісі өтті. Басқосуда діни оқу орындарындағы білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Басқосуда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен медіресеаралық республикалық білім сайысын ұйымдастыру мәселесі пысықталды.

«Бұл шара медіресе ұстаздары мен шәкірттерінің білім деңгейін көтеруге ықпал етеді. Болашақ имамдардың жан-жақты қабілетін осындай ізгі іс-шаралар арқылы арттыруға көңіл бөліп отырмыз», – дейді ҚМДБ Діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев.

Талқылауда шәкірттерге өзге де пәндерден (шешендік өнер, уағыз әдебі, тарих, қазақ тілі, салт-дәстүр, т.б.) сабақ беру, оларды ортақ діни оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Айта кетейік, еліміз бойынша 9 медіресе шәкірт тәрбиелеуде.

www.muftyat.kz 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники