Түлкібас ауданы: Діни экстремизмнің алдын алу

Бүгін Түлкібас ауданындағы Құралай жалпы орта мектебінің актзалында 9-шы сынып оқушылары және ауданның әр сала қызметкерлері, ұстаздармен ауданның бас имамы Бауыржан Оңалбаевтың қатысуымен дөңгелек стол өтті. Мектеп оқушыларына әр сала мамандарымен психолог және ішкі саясат мамандары баяндама оқыды. Бас имам Бауыржан Оңалбаев кездесуді қорытындылай келе көп діни мағлұматтар берді. Артынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

 Жоғары сынып оқушыларының өзара ұйымдастырумен дөңгелек столда діни сұрақтармен және оған жауаптар сабағы ұйымдастырылды. Жүргізуші 9-шы «ә» сыныбының оқушысы Тұрғынбек Балжан өз деңгейінде ұйымдастырды. Қойылған барлық сұрақтарға оқушылардың өздері жауап беріп отырды. Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен «Адасқандар» сахналық қойылымы көрсетілді. Бұл оқушылардың ұйымдастырумен өткізілген іс-шара келген қонақтарға үлкен әсер берді. Келген қонақтар мектеп оқушыларына өз ризашылықтарын білдірді.

«Түлкібас ата мешітінің баспасөз қызметі:

Суретті түсірген: Бауыржан Әзиз

26.02.2014ж

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники