БАС МҮФТИ МАҚТАРАЛДА МЕШІТ АШТЫ

Қасиетті жұма күні облысымыздың Мырзашөл өңірінде, яғни  Мақтарал ауданы, Алғабас елді мекенінде «Алғабас» атындағы зәулім мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.

Алла үйінің ашылу салтанатына арнайы қадірменді қонақ ретінде  ҚМДБ-ның төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет пен найб мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы қатысты. Келган қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Әбжанаов Әділхан, ауданның бас имамы Сыздықов Бекзат, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Есенбеков Пернеш күтіп алды.

Мешіттің ашылу рәсімде Бас мүфти сөз алып,  жиналған халықтты құттықтап, Мырзашөл өңіріне алғаш қадам басып отырғанын айтып, сөз барысында: «Мешіт салудан асқан бақыт бар ма? Пайғамбарымыз (с.а.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына ай-налсын. Үйде оқыған намаздан қарағанда, мешітте өтелген ғибадаттың сауабы мол. Мешітке асығайық. Құдайдың үйінде құлшылығымызды жасайық. Құрметті бауырлар, біздер қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп отырмыз»  – деді.  Сөз соңында хазрет мешіттің кітапханасына қасиетті Құран Кәрімді хадия етті.  Мешітте алғашқы жұма намазы оқылды.  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет жұма намазынан кейін «Бір тал кессең, он тал ек» шарасы аясында мешіттің ауласына көшет ағаштары отырғызды.

Осыдан кейін, Бас мүфти хазрет жамағатпен кездесіп, сұрақтарына жауап беріп,  діні мен мен дәстүрін берік ұстап келе жатқан, ынтымақты ел екенін айтып «Дін мен дәстүр» кітабын таратты.

 Мұхамеджан Естеміров,

 ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники