«QazaQ Travel»-мен бірге Ұмраға: Шымкент-Джидда

«Qazaq travel» Компаниясы Қазақстан нарығында 2013 жылы ғана пайда болғанына қарамастан, қажылық-компаниялар мен халал-туризмнің кең спекторына тағы бір сапалы альтернативаны қоса отырып, өзін оңтайлы жағынан көрсетіп үлгерді.

Компаниямен ұсынылатын қызметтер тізіміне келесілер кіреді:

  • Қажылық пен Ұмраға сапар шегуді ұйымдастыру
  • Барлық бағыттарға арналған әуебилеттер
  • Визаларды рәсімдеу және визалық қолдау көрсету
  • халал туризм және демалыс
  • ішкі туризмСөзсіз, бұл тізімде үлкен және кіші құлшылықтар басты орынға ие болады. Өйткені,бұл құлшылық саласы кез келген қажылық компаниясының іргетасы болып табылады.

«Qazaq travel» компаниясы бұған ерекше көңіл бөледі және Алматы мен Астананың стандартты жолдамаларынан басқа, компания өзінің клиенттеріне Шымкенттен Меккеге, содан соң Мединаға құлшылық жасау мүмкіндігін ұсынады, бұл жерлерде әрдайым компанияның өкілдері болады және компанияға тиесілі құлшылық етушілердің қызметтеріне арналған джиптер мен шағынавтобустар ұсынылатын болады.

Осы күнде бұл, тікелей Шымкенттен Ұмра жасау мүмкіндігін ұсынатын алғашқы қажылық компаниясы

Сіздердің назарларыңызға сәуір айының 10-нан 20-на дейінгі аралыққа арналған келесі бағдарламаны ұсынамыз:

 

Әуежолдардың кестесі:

  • 10 сәуір Шымкенттен  Шаржыға 04:30-да ұшу; 06:25-те қону
  • 10 сәуір Шаржыдан Джиддаға  07:30-да ұшу; 09:20-да қону
  • 19 сәуір Мединадан Шаржыға  14:40-та ұшу; 18:10-да қону
  • 19 сәуір Шаржыдан Шымкентке  22:00-де ұшу; 20 сәуір 03:30  -да қону

1 -күн

Шымкенттен – Шаржыға ұшу –Шарджада 1 сағаттық үзілістен кейін Джиддаға ұшу. Джиддаға 09:20-да қону. Біздің өкілімізбен Джидда әуежайында кездесу. Джиддадан Меккеге дейін (90 км) ыңғайлы жаңа транспортпен жету, Al Jaad Mahbas 4* немесе  Bakkah Arac (Әл-Харамнан 1 км қашықтықта орналасқан, автобустармен Әл-Харамға дейін жету тегін) қонақ үйлеріне орналасу, түстену, қонақ үйде екінті намазын оқу, шамамен 2 сағат демалу,Әл-Харам мешітінде ақшам намазын оқу, Ұмраны – жасау, Әл-Харам мешітіне саяхат жасау, Әл-Харам мешітінде құптан намазын оқу, демалу.

2 -күн

Қонақ үйдегі таңғы ас, жұма намазын оқу үшін Әл-Харамға сағат  10:00-да шығу.Әбу Хурайрадан (р.а) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Әрбір Жұма күні періштелер мешіттердің есігінің алдына тұрып, жұмаға келушілердің қайсысының ерте, қайсысының кеш келгенін жазып отырады. Бірақ имам мінберге шыққанда, олар қаламдары мен парақтарын қойып Хұтбаны тыңдайды» — деген екен. (Бұхариден)

3 -күн

Сағат 07:00 қонақ үйдегі таңғы ас, Қасиетті Мекке бойынша саяхат (Саур, Арафат, Мұздәлифа, Мина, Нұр тауының алқаптары).

4 -күн

Сағат 08:00 қонақ үйдегі таңғы ас, “Екі қасиетті мешіт” мұражайына саяхат

5 -күн

 Әл-Харам мешітінде бес мезгілдік намазды оқу.«Кім де кім «әл-фаджр» таңғы намазын жамағатпен бірге оқып, содан соң күн шыққанша сол орнында Аллаһты зікір етіп (немесе Құран оқып, салауат және т.б. дұғаларды айтып) отыратын болса, және күн шыққаннан кейін 2 ракағат — «ишрaaк» намазын оқыса, 1 қажылық және 1 ұмра жасағандай сауапқа ие болады» (Тирмизиден)

6 -күн

Әл-Харам мешітінде бес мезгілдік намазды оқу.Менің мешітімде өтелген намаз, Меккедегі Әл-Харам мешітінен басқа жерлерде өтелген намаздардан әлде қайда сауаптырақ, Меккедегі Әл-Харам мешітінде өтелген намаздың сауабы кез келген басқа мешітте өтелген намаздардан мың есе артық».  (Әбу Хурейрадан жеткен, сахих әл-Бұхари және Муслим).

7 -күн

Таңғы астан кейін ыңғайлы да жайлы көлікпен Мединаға сапар шегу (400 км). Мединаға келіп,Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) мешітінен 200 метр арақашықтықтағы AlAmeenCrom 4* қонақ үйіне жайғасу,Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) мешітіне бару және Пайғамбар Мұхаммедке (с.ғ.с.) сәлем беру.

8 -күн

Медина қаласы бойынша саяхат (Ұхұд тауы, Құблатайн, Құба мешіттері, сахабалар жерленген Жаннат Бағы мазаратын зиярат ету)

9 -күн

Сағат 08:00 қонақ үйдегі таңғы ас, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) мешітінде Жұма намазын оқу.Бұл күні құлшылық етушілердің қалаулары бойынша құрма базарына  немесе хиджама медициналық орталығына бару

10 -күн

Сағат 08:00 қонақ үйдегі таңғы ас, сағат 11:00-де қонақ үйден шығу, Медина әуежайына жету (5 км), елге қарай ұшу сағат 14:40-та

11 -күн

Қазақстанға ұшып келу уақыты 03:30, Шымкент әуежайында біздің өкіл күтіп алу

Бағдарламаның бағасы: 1400$

Біздің басымдылығымыз: Қол жетімді бағаға жоғары сапа.

Біздің байланысымыз:

«QAZAQ TRAVEL» ЖШС
Алматы қ., Пушкин к-сі 20, 30-пәтер
Тел:  +7 (727) 397-63-27
Ұялы:+7 771  50 60 500
+7 771   50 60 501
+7 771   50 60 502
e-mail: [email protected]

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники