Төлеби ауданы: Дін мен дәстүрдің сабақтастығы

ҚМДБ ның төрағасы, Бас мүфти Е.Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялап, бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, жер-жерлерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Елімізде діни тұрақтылықты қамтамасыз етіп, дін мен дәстүрдің сабақтастығын дұрыс түсіндіру мақсатында Төлеби ауданына қарасты бірнеше меrтептерде түрлі жиындар мен семинарлар өткізілді. Соның ішінде Жоғарғы Қасқасу ауылындағы «Қасқасу» шағын жинақты жалпы орта мектебі, Тағайна ауылындағы орта мектебінде № 1, № 3, № 4  және № 6 орта мектептерінде арнайы кездесу өткізілді. Кездесуге аудан имамы Б.Қалдаров, «Нұр» мешітінің азаншысы С Мухуддинов,  Қасқасу аулының имамы Б.Кененбаев пен мектеп директорлары, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинарда діннің қоғамдағы рөлі, діннің тәрбиелік мәні мен маңызы, дін мен дәстүрдің сабақтастығы кеңінен сөз болды. Семинар соңында оқушылар көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Мекеме басшылары да осындай кездесулерді жиі-жиі өткізудің оқушылар үшін зор пайдасы бар екенін жеткізіп, алғыстарын білдірді.

 Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники