Түлкібас ауданы: Балықты округіндегі жұма намазы

Түлкібас ауданына қарасты Балықты округіндегі «Ибадат апа» мешітінің Жұма намазына аудандық орталық «Түлкібас ата» мешітінің бас имамы Бауыржан Оңалбаев қатысып жамағатқа уағыз айтты.Мешіт жамағаты көңілдерінде жүрген ,көптен бері жиналып қалған сұрақтарын қойып жатты.Ауданның бас имамы көпшіліктің қойған сұрақтарына жауап беріп,көңілдерінен шықты.Бас имам осы ағымдағы жылы көшпелі семинардың осы округте болатынын айтып мешіт жамағатына түсіндірді.Бұл семинарға аудан бойынша мешіттердің имамдары мен билері,ақсақалдары қатысатынын айтты.Ауыл қариялары өз алғыстарын айтып жеткізді.

«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген: Бауыржан Әзиз.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники