ҚМДБ: Бас мүфти «Шапағат» медалімен марапатталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жауапты да сауапты қызметке тағайындалған бір жыл мерзім ішінде дін саласында атқарған игі де ізгі істері үшін Моңғолияның «Шапағат» медалімен марапатталды.

Моңғолия мұсылмандары Қоғамының атқарушы әкімі Батырбек қажы Хадысұлы елімізге келген сапарында «Шапағат» төсбелгісін ҚМДБ төрағасына салтанатты түрде табыстады.

«Бұл төсбелгі ел игілігі мен Ислам діні үшін қызмет етіп жүрген тұлғаларға беріледі. Мүфти хазрет, әрқашан мерейіңіз үстем болсын. Алла тағала екі дүниенің абыройын нәсіп етсін. Еңбегіңіз алға баса беруіне тілектеспін», – деді Баян-Өлгейден келген қонақ.

ҚМДБ баспасөз қызметі

www.muftyat.kz 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники