Арыс ауданы: №17 колледжде «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу өтті

Арыс қаласының №17 колледж студенттерімен «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Арыс қаласының бас имамы, ішкі-саясат бөлімінің мамандары, жастар орталығынан және колледж ұстаздары мен студенттері қатысты. Кездесуде Арыс қаласының бас имамы А.Абдулкамал сөз алып, студенттерге «Дін және дәстүр» атты тақырыбы бойынша уағыз-насихат айта келе, қазіргі таңда елді алаңдатып отырған діни топтар жайында және олардың зияндары төңірегінде кеңінен насихаттады. Студенттерге діни топтар жайында видео роликтер көрсетіліп, өздерін мазалап жүрген сұрақтарына ұтымды жауаптар берілді.

Арыс қаласы орталық мешіт баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники