35 МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасына орай, облыс көлемінде «Бір тал кессең, он тал ек» атты тал, терек отырғызу шарасы  екі ай бойы жалғасын тауап, үлкен қолдауға ие болды.

Бұл шараға аудан, қала, ауыл, кент мешіттері жергілікті әкімдік пен аудандық жастар ұйымдасымен  және мешіт жанындағы жастар бөлімімен бірлесе отырып мешіт ауласына, бақтарға көшелерге, мектептерге, арық-атыз бойларына т.б. орындарды абаттандыру үшін жеміс ағаштары, тал, терек, гүл көшеттерін отырғызу жұмыстарына белсендік танытты.

Жалпы, соңғы қорытынды  бойынша мешіттердің тарапынан  35 мың түп ағаш отырғызылды.

Осы шараға қолдау көрсетіп, белсенділік көрсеткен азаматтарға Алла разы болсын!

 

 

Мұхамеджан Естеміров,

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники