Түркістанда туристерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Бүгін Түркістан қаласында ұйымдастырылып жатқан облыс әкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының делегаттары облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығы мен қолөнер шеберлері орталығының, «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының жұмысымен танысты, Түркістан қаласын абаттандыру бағдарламасының таныстырылымына қатысты. Келелі кеңеске жиналған жұртшылық сондай-ақ Түркістанда бой түзеген жаңа туристік қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатына куә болды. Жаңа ғимараттың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі А.Мырзахметов облысымыздың, соның ішінде Түркістанның туристік мүмкіндіктері зор екендігін айта отырып, жаңадан ашылып отырған бұл орталық өңірімізде туризм саласын дамытуға тың серпін беретінін жеткізді.

Орталықта туристерге көрсетілетін қызмет түрлері белгіленіп, барлық жағдайлар қарастырылған. Ғимарат 72 бөлмеден тұрады. Мұнда бір мезетте 200 туристке қызмет көрсетіледі. Орталық аумағында автотұрақ, қолөнершілер шеберханасы, тұрғын бөлмелер, намазханалар, асхана, мәжіліс және кино залы, әкімшілік бөлмесі, медициналық қызмет көрсету бөлмесі, ішкі демалыс алаңы, мал сою орны, ішкі дәліз қарастырылған. Сонымен қатар «Ырыс алды — ынтымақ» қоғамдық форумы аясында құрбандық шалынып ата-бабалар рухына құран бағышталды.

Суреттер ОҚО әкімдігінің ФБ-дағы ресми парақшасынан алынды.

Ақпарат көзі: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники