Р.Қамбаров: Ережеп айында нәпіл ораза бар ма?

Ассаламу алейкум!
Бір танысым  ережеп айында ораза тұту жайлы хадис болмағандықтан, сүннет емес дейді. Жалпы, ережеп айында ораза тұтуға болады ма? Айдос

Уа алейкум ассалам!

Ислам дінінің бес негізінің бірі рамазан айындағы парыз оразадан бөлек, кәффарат және нәзір оразаларын тұту міндет болып саналады.

Ал, бұдан бөлек нәпіл ораза және сүннет оразаларға келсек, олар төмендегідей:
1.Шәууал айының 6 күндік оразасы. Әбу Аюб әл-Ансари (р.а.): «Кімде-кім рамазан оразасынан кейін шәууалдың алты күнінде ауыз бекітсе, бір жыл ораза тұтқандай сауап алады[1]».
2.Зулхиджа айының 10 күн оразасы. Және қажылық сапарына шықпаған адамдардың арафат күні ораза тұтуы.
3.Шағбан айының басым бөлік күндерін оразамен өткізу. Айша (р.а.) анамыз: «Алла елшісі (с.ғ.с.) рамазан айынан басқа ешбір айды толық етіп ораза тұтқанын көргенім жоқ. Алайда, шағбан айындағыдай басқа айларда көп ораза тұтқанын көрмедім[2]», – деген риуаят жеткізген.
4.Құрметті айлар: зулқағда, зулхиджа, мухаррам және ережеп оразалары.
5.Апта ішіндегі дүйсенбі және бейсенбі күндер оразасы. Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) ең көп дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза тұтушы еді…[3]»,–дейді.
6.Ай ішінде 3 күн ораза тұту. Ай туғаннан бастап санағанда 13,14 және 15 күндері ораза тұту. Бұл жөнінде, Әбу Зәрр әл-Ғифари (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) бізге әр айдың үш күнінде: 13,14, және 15 жұздызында  ораза тұтуға бұйырған еді. Бұл бір жыл ораза сияқты»,-дейді.
7.Кезекпен бір күн ораза тұтып, бір күн ауыз ашып жүру. Абдулла бин Омар (р.а.): «Алла тағала үшін ең ұнамды ораза Дәуд (ғ.с.) оразасы. Ол бір күн ауыз бекітіп, бір күн ауыз ашатын[4]»,-дейді.
Түйіндей айтқанда, нәпіл ораза жылдың кез келген мезгілінде тұтуға рұқсат етіледі. Бірақ, нәпіл ораза тұтуға болмайтын жағдайлар бар, олар:

1.Үлкен және кіші айт күндері, ташриқ күндері;
2.Тек жұма немесе тек сенбі күні ғана ораза ұстау;
3.Шәк күні (ертең рамазан айының басы екендігінде шәк болған жағдайда) тұту;
4.Жыл он екі ай үздіксіз ораза ұстап жүру;
5.Әйелге күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза тұту;
6.Кешке ауыз ашпай, екінші күн оразасын жалғастырып тұту.
Осының негізінде, ережеп және шағбан айларында нәпіл ораза тұтуға болады. Алайда, мұны міндет деп қарастырмаған жөн.

Руслан Камбаров


[1] Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Ибн Мажаһ
[2] Бұхари, Муслим
[3] Ахмед
[4] Бұхари

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники