М.Естеміров «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды

ОБЛЫС ИМАМ ОРЫНБАСАРЫ «ОБЛЫСҚА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Ел бірлігі мерекесі қарсаңында Түркiстан қаласында «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының кезектi мәжiлiсi өттi.

Оған облыс әкiмi Асқар Мырзахметов пен ҚР Парламентi Сенатының бiр топ депутаттары, облыстық басқармалар мен аудан, қала басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкiлдерi, еңбек ардагерлерi мен жастар қатысты. Облыстың барлық аймақтарынан 700-ден астам делегат келдi.

Аталмыш форум барысында облыс әкiмi Асқар Мырзахметов дін мен дәстүр және руханият саласының дамуына үлес қосып жүрген ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміровқа  2014 жылғы 28 сәуірдегі №1-104-ө  Өкімімен  «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Марапатыңыз құтты болсын!

 Ізгі тілекпен Ұ.Алиакбарұлы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники