Төлеби ауданы: Қайырымдылық қуаныш сыйлады

“Соқырмен көрісіп, мылқаумен сөйлесіп, саңырауға естірту қабілеті тек қана қайырымдылықта” демекші Ленгір қаласындағы «Құлағы нашар еститін балалар үшін мектеп интернатында» қайырымдылық акциясы болып өтті. Акцияға аудан имамы Б. Қалдаров, найб имам Ү. Саурбаев, мектеп интернат директоры А. Жамалбекова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Сыдықов, оқу ісінің меңгерушісі Д. Орманбаева және мектеп оқушылары қатысты. Төлеби аудандық мешітінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты он мешіт бір кілемнен сыйға тартты. Аудан имамы Б. Қалдаров қатысушыларға жомарттық жайлы насихат айтып, сый-сияпаттарын тарту етті. Жиын соңында оқушылар тарапынан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Осылайша қайырымдылыққа мұқтаж жандармен жүздесіп, олардың көңілін бір серпілтіп тастады.

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники