Келес өңірінде Құран жарысы өтті

Пайғамбарымыз Мухаммед (с.а.с)  өз хадисінде: «Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаға үйреткендеріңіз»-деп ылғи да үмбеттіне Құран  үйренуде, оны басқаға үйретуде, шебер оқуды өсиет етіп отырған. Осы өсиеттеріне орай имамдарды, жалпы қарапайым халықты Құранды үйренуге, әдемі оқуға ынталандыру мақсатымен, 09.05.2022 күні Сарыағаш ауданыны Келес өңірінің орталық  «Ешан баба» мешітінде, Сарыағаш ауданының  әкімі  Бұхарбай Парманов, Сарыағаш ауданының бас имамы Қанат Кенжебеков, «Кұркелес» мешітінің  имамы Ділмұрат Ниязов «Хазірет Әбу Бәкір» мешітінің имамы Қалназаров Темірханның ұйытқы болуымен  мектеп жасындағы балалар арасында Құран жарыс болды.

     Жарыстың нәтижесіне байланысты:

1-орын Әліпбай Омар

2-орын Сманов Абдумалик

3-орын Зәкірбаев Биләл.

  Пайғамбарымыз (с.а.с)  «Балаларыңызды үш  нәрсеге үйретіңіздер: 1) суда жүзуге ,2) атқа мінуге, 3) садақ атуға» — деген деген өсиетіне байланысты, Құран жарыстан соң халқымыздың «шынықсаң шымыр  боласың деген сөзіне орай балаларды спортқа да ынталандыру  мақсатында әр түрлі ойындар ұйымдастырылды. 1) Қол күрес. 2) Кір тасын көтеру. 3) Асық ойыны. 4) Арқан тартыс.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники