Қазығұрт ауданы: Жақсының жақсылығын айт немесе жақсылықта жарысайық ағайын!

«Дін мен дәстүр»

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Осы бағытта конференциялар мен кездесулер ұйымдастыруды, арнайы уағыз-насихат жүргізуді тапсырды.

Қазығұрт ауылы орталығында орналасқан іргелі «Болашақ» мектеп гимназиясы және Қаныш Сатпаев мектеп лицей білім орындарында «Дін мен дәстүр»  атты бағдарлама өткізілді. Жиынға мешіт имамдары,мектеп басшылығы, ұжымы және мектептің ардагер ұстаздары қатысты..

Бағдарлама — құран оқумен басталып, ары қарай өз жалғасын тапты. Бағдарламаның жоғары деңгейде өтуіне себепші болған мектеп ұжымының ұйымдастыру қабілеті ерекше байқалып тұрды.

Бағдарламада салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздан болған көріністерден:

Дастарханды ұлттық тағаммен безендіруі;

Барлық өнерлі қатысушылардың ұлттық нақышта киінуі;

Қызға құда түсіп, сырға салу рәсімдері;

Қыз ұзату тойы;

Келін түсіру, беташар тойы;

Нәрестені бесікке бөлеу, тұсау кесу рәсімі, сундет той көріністері қойылды.

Бағдарлама соңында баршаға ас таратылды. Мектеп директоры Жанат Қаныбек қызы өз алғысын білдіріп, жиынды қорытындылау үшін құранға кезек берді. Құран оқылып, дүниеден өткендерге бағышталып, Жаратқаннан отанымызға, халқымызға бейбітшілік пен ауызбірлікті, ынтымақ пен тыныштық заманды тілеп, бата жасалды.

Жаратқан Жаппар Иеміз, баршаның жақсылықта жарысудағы ізгі амалдарымызды қабыл еткей иншаллаһ!

Жақсының жақсылығын айт немесе жақсылықта жарысайық ағайын!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!

Әлемдердің иесі Аллаһқа сансыз мақтаулар болсын және Пайғамбарымыз Мұхаммедке с.а.у Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Жаназа пәтуәсын» мешіт имамдары басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады.Аудандық ардагерлер кеңесі Телікбаев Иса атамыз, Махсұтов Абдіжүсіп аталарымыз бастаған  ақсақалдарымыз бұл мәселеге байланысты өз үлестерін қосып келеді. Сондай ақ Қазығұрт ,Тұрбат ауылының, Шарапхана ауылының, Жаңабазар  ауыл билері, ақсақалдары, ауыл тұрғындарымен «Жаназа патуасын» насихаттауға байланысты аудан имамы Е.Полатов мешітте кездесу өткізді. Кездесу барысында қазалы үйде ысырапкершілікке жол бермеу үшін мешіт имамдарына ауыл ақсақалдары, тұрғындары көмек беретіндігін батуаласты.    .

ҚМДБ-ының «Жанауаза патуасы» тұрақты халыққа жеткізудің нәтижесінде ауданымызда қаралы үйдегі ысырапшылдықтар реттеліп, жолға қойылуда. Тақырыбымызда жазылғандай «Жақсының жақсылығын айт немесе жақсылықта жарысайық ағайын » игі істің іске асуымен бөліссек деп отырмыз — сұрапыл 2-ші дүние жүзілік соғыс, ашаршылық, көтеріліс пен төңкерілістер сияқты өмірдің көптеген тауқіметін көрген 96 жастағы әжеміз дүниеден өтті. (Аллаһ рақым етсін) Сол әженін қолындағы ұлы Бекболат ағамызға ұсыныс жасап едік Алла разы болсын бетімізді қайтармады. Әжеміздің жаназасы уақытында жаңағы пайдасы жоқ жыртыс орнына — адамды екі әлемде бақытты ететін ҚМДБ-ынан жарық көрген «Намаз оқып үйренейік» атты кітапшаның 150 данасын жамағатқа тарту етті- дейді Молалы мешіт имамы М.Алимбеков.

Алла Тағала біздерге ақыл-ой, парасатты беруі арқылы ненің жақсы — ненің жаман екендігін, не пайдалы не пайдасыз екендігін білдіріп, көрсетіп қойды. Жақсы мен пайдалы болған нәрсемен амал етейікте, жаман мен пайдасыз нәрсені тастайық ағайын бауырлар.

 ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД (с.а.с)-ның ХАДИСІНДЕ:

«АДАМДАРДЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫСЫ — АДАМДАРҒА ПАЙДАЛЫ БОЛҒАНДАРЫ.

АДАМДАРДЫҢ ЕҢ ЖАМАНЫ — АДАМДАРҒА ЗИЯНДЫ БОЛҒАНДАРЫ» — ДЕГЕН.

АЛЛАҺ ТАҒАЛА СІЗДЕРМЕН — БІЗДЕРДІ «ЖАКСЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАТЫН, ЖАМАНДЫҚТАН ҚАЙТАРАТЫН» ЖӘНЕ АДАМДАРҒА, ҚОҒАМҒА ПАЙДАЛЫ АДАМДАРДАН БОЛУЫМЫЗДЫ НӘСІП ЕТСІН ИНШАЛЛАҺ, ӘҮМИН

Қазығұрт аудандық орталық мешіті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники