Аудан басшысы дін қызметкерлерін қабылдады

Қазығұрт ауданының әкімі Болатбек Қыстауов аудан бас имамы Еркін Полатов және мешіт имамдарын қабылдады. Аудан әкімі Б.Қыстауов аудан имамы Е.Полатовты аудан көлемінде атқарып жатқан игілікті жұмыстарына алғыс білдірумен бастады. Имамдар арасында облыс көлемінде өтіп жатқан құран жарыстарынан, спорттық жарыстардан алып жатқан жүлделі орындарымен құттықтады. Бұл жеңістеріңіз барша ауданымыздың мақтанышы және қуанышы екенін атап өтіп, имамдардың алдағы уақытта жұмыс жасауына бір серпіліс оятқандай.  Сондай ақ ауданымыздың діни ахуалдарына қысқаша тоқталып, алда атқарар жұмыстармен кеңесті. Аудан басшымызға орталық мешітінің көмекші имамы М Каримов елімізге, ел басқарып отырған Елбасымыздан бастап барлық  азаматқа игілік тілеп, ақ батасын берді.

Қазығұрт аудандық орталық мешіті.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники