Қаттани мешітінің іс-шаралары

«Ардагерлерді ардақтайық» атты шара болып өтті

Жалпы, ардагер аталарымызды құрметтеу науқандық іс болмау қажет. Осы бастама аясында Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында Шымкент қалалық «А. Қаттани»  мешітінің  бас имамы  Бақдаулет  Абдрахмановтың ұйытқы болуымен облыстық «Арадагерлер» үйінде 10 ардагерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар берілді.

Шара барысында аталарымыздың ерен еңбектері сөз етіліп, «Дәуітұлы  Шыңғысбй қажы»  мешітінің бас имамы  Тойшиев  Әділбай соғыста шейіт болған жауангерлердің рухына Құран бағыштады.

Дәстүрі берік ел  -  болшағы зор

Жуырда,  Шымкент қаласындағы «М. Әуезов»  атындағы  ОҚМТУ-де  «Ауыл шаруашылық» факультетінің  2-3-4-  курс  студенттерімен  «Дәстүрі берік ел- болшағы зор»  атты кездесу  өткізді.  Жиында  Шымкент қалалық «А. Қаттани» мешітінің  найб имамы  Садиев  Амантай  арнайы қатасып, уағыз айтты.

Жалпы   саны  150  ге  жуық  студенттер мен  кафедра  мұғалімдері  қатысты.

Кездесуде Бас мүфти Ержан қажы малғажыұлы хазреттің «Дін мен дәстүр» кітабы таныстырылды.

Дініміздегі  салт  дәстүрдің  орны  жайлы  баяндаманы  оқып  беріп,  артынан  15  минуттық  «Адасқанның  айыбы  жоқ, қайтып  тапса  үйірін»  атты   бейне  ролик  көрсетті. Бұл  бейне  роликте «Вахабизмдегі  жастардың  адасқандығын  сезініп, қайтып  Абу  Ханифа  мазхабына  бет  бурғандар  жайлы  көрсетілген.     Жиын  соңында жастардан «бет сипауға  болады ма?»-  «Суннет пен  Абу  Ханифа  мазхабы  бір ма?» — деген  сұрақтар  қойылды.  Жастардың сұрақтарына  Садиев  Амантай  толықтай  жауап  берді.

Жауынгерлер рухына Құран оқылды

Шымкент қаласы, Еңбекші  ауданындағы «әл-Біләл» мешітінің бас имамы  Аманқұлов Темурдың ұйымдаструымен «Жеңіс» күніне орай, Еңбекші ауданының 7 ардагерін сондай-ақ мешіт жамағатын шақырып мешіттің ауласында ас беріліп, қайырымдылық жасалды.

Жиын барысында алғы сөзді  «Әл-Біләл» мешітің бас имамы сөйлеп отанды сую туралы уағыз айтты, және ардагерлерге алғыс білдірді.

Жиын соңында қасиетті Құран оқылып, еліміз амандығы үшін ардагерлер өздеріның ақ баталарын берді.

 

Ережеп айындағы қайырымдылық шаралар

Бас  мүфтиі  хазрет  Ержан қажы  Малғажыұлының  үндеуі аясында Шымкент қаласылық «А. Қаттани» мешітінің   найб имамы Садиев  Амантай мен «Айқап» мешітінің  бас имамы Ортаев Оңғармен  бірлесіп,  жағдайы  төмен, көмекке  мұқтаж,  жартылай  жетім отбасыларға  қайырымдылық іс-шарасын  ұйымдастырды.

Қайрымдылық шара барысында қаладағы 10 отбасыға бір айға жететін  азық-түлік таратылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша қайырмдылық шарасы жалғасын табатын болады.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники