Мүфтиятта меморандум қабылданды

Бүгін Қазақстан және Алтай мұсылмандары діни басқармалары арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Алтай мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Жанболат Оқтаубаев тарихи құжаттың екі ел арасындағы рухани байланысты күшейтуге ықпал ететінін мәлімдеді.

Келісім аясында Алтайда тұратын қандастарымыз Діни басқармаға қарасты оқу орындарына қабылданады. ҚМДБ жанынан жарық көретін діни басылымдарды (кітап, газет, журнал) Алтай Республикасы мұсылмандары арасында тегін тарату жоспарланды.

Сонымен қатар, діннің кейбір өзекті мәселелеріне арналған конференциялар, симпозиумдар, семинарлар ұйымдастырылмақ.

Осы құжаттың тағы бір маңызды тұсы: ұрпақты ислами әдептілікке, отансүйгіштікке, өз еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу, лаңкестікке жол бермеу, халықты дәстүрлі дінді ұстануға үндеу.

Жанболат Оқтаубаевтың өтініші бойынша, ҚМДБ тарапынан Алтайдағы қазақ имамдары шапанмен қамтамасыз етілді.

ҚМДБ баспасөз қызметі

www.muftyat.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники