Ертең маңызды меморандумға қол қойылады

Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні сағат: 10.00-де Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесінде орналасқан Политекникалық колледжінің акт залында  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі арасында қоғам мүшелерін игілікті істерге шақыру, жастарға рухани тәрбие беру бойынша жасалған өзара әріптестік меморандумына қол қою шарасы өтеді.

Шара барысында  бірқатар азаматтарға облыс әкімі А.Мырзахметовтың  марапаттау  наградасы табысталады.

Сонымен қатар,  ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» кітабының тұсау кесер ресімін өткізу жоспарлануда.

Анықтама үшін телефондар:         

Обл меш, тел:  8(7252) 45-33-38,   ұялы тел:  8701-4027-999

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники