Қазығұрт ауданы: Жас отбасылардың қамқорлығы

ҚМДБ-ынан Қайрымдылық жұмыстарына аса мән беру керектілігі тапсырылған болатын. Осы аяда тиісті жұмыстарды ұйымдастырып келеміз. Мұқтаж жандар қатарында бір апамызға аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіттің ұйымдастыруымен жас отбасылық   кәсіпкерлердің демеушілігімен, қаржылай көмек көрсетілді. Бұл апаның көзі көрмейді, құлағы дұрыс естімейтін жарым жан болып қалған. Мемлекеттік тиісті зейнет ақысын алады. Дегенменде айына төленетін комунальдық шығындарды төлеуі үшін отбасылық басқа да шығындардан артылмай көмек зәру болып жүрген еді. Осы жағдайды ескерген аудан имамы Е.Полатов қайрымдылық жұмыстарын ұйымдастыру нәтижесінде демеушілер тартып, көмек жасап жатқан отбасымен бірге барып, көмектерін өз қолдарымен мұқтаж жанға үлестірді. Көмек көрсеткен отбасы аттарын жария етпеуді сұранды. Қамқорлыққа мұқтаж апа жас отбасыға бақытты болыңдар, балдарың көп болсын, жұмыстарың алға бассын Құдай сендерге разы болсын деп батасын берді.

Аудан  имамы Е.Полатов ұдайы өз сөзінде: « мұқтаж отбасыларға қамқорлық жұмыстарына демеушілік жасайтын азаматтарды өздерін бірге алып барып, өз қолдарымен бергені көмекке зәру жандарды өз көздерімен көріп, қамқорлық жұмыстары жалғасуына сеп болады.» дейді.

Қайрымды жандарымыз көбейе берсін. Ал мұхтаж жандарымыз қатары азайып, денсаулықтары жақсарып, көмекке зәру жандарға көмек қол ұшын берген азаматтарымызға Алла разы болсын. Кәсіптеріне берекет берсін.

 Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар»

мешітінің баспасөз хатшылығы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники