Шардара ауданы: «Шарапаты мол — Шағбан айы»

Мамыр айының 30 — шы  жұлдызы күні «Шардара» орталық мешітінде қасиетті жұма намазында ҚМДБ — ның бекіткен жұма

 тақырыбы аясында «Шарапаты мол  — Шағбан айы», — атты тақырыпта облыстық орталық мешітің найб имамы Мұхаммеджан Естемиров уағыз — насихат айтты.  Уағыз барысында шағбан айында сауаптар еселеніп қана қоймай, күнәлардың кешірілуі мен дұға — тілектердің қабыл болатындығын жеткізді. Себебі шағбан айындағы елеулі де ерекше сәттердің бірі — Бәраат түні. Яғни қасиетті шағбан айының 15 — і  — Бәраат түні. Бұл түн — періштелер жер бетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн екендігіне тоқталды.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники