Шырайлы Шымкент қаласында орталасқан «Облыстық орталық» мешіттің мәжіліс залында аудан, қала имамдарының 2014 жылғы қорытынды есебі тыңдалды.
Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Б.Мырзагелдиев ашып, жүргізіп отырды.
Есеп беруде бірқатар аудан, қала имамдарының үлгі баларлық жұмыстарын айтып өтуге болады. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Шардара қаласы, Арыс қаласы мен Кентау қаласының имамдарына жақсы деген баға берілді.
Мұнымен қатар, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің төрт бағыт бойынша берілген үгіт-насихат жұмыстары мен діни сауат ашу курстары, қайрымдылық шаралар, діни ағымдармен жұмыс және апталық есеп беруде ең төмен нәтижеге ие болған Сарыағаш ауданының имамы Қ.Кенжебеков пен Бәйдібек ауданының имамы С.Байниязовтарға жұмысын реттеу үшін екі ай сынақ мерзім берілді. Айтылған сын-пірілерді қалпына келтірмеген жағдайда Діни басқарма тарапынан шара қолдану туралы ұсыныс берілетін болды.
Сондай-ақ, Түрлкібас, Мақтаарал, Қазығұрт, Отырар және Ордабасы аудандарының имамдарына ескерту берілді.
Өкіл имам мәжіліс барысында алда кележатқан қасиетті Рамазан айына дайындық шаралары жан-жақты пысықтап, бірқатар тапсырмалар берілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер