«ИМАНДЫ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ» атты іс-шара өтті

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасына орай, Шымкент қаласында орналасқан «Облыстық орталық» мешіттің ұйытқы болуымен  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне сәйкес  Шымкент қаласындағы «Қиял әлемі» техносаябағында балаларға арнап «Иманды ұрпақ – ел болашағы» іс-шарасын өткізді.

Оған облыс имамы Б.Мырзагелдиев пен найб имам Т.Дәрібаев және жастар бөлімінің мамандары қатысты.

Іс-шара барысында балалар арасында ұлттық ойын түрлерінен байқау өткізілді. Ойын түрлері: ер балалар үшін арқан тарту, асық ойыны, ләңгі тебу,  қыз балалар үшін ою-өрнек салу, т.б.

Шара барасында жүз мың теңгені көлемінде қаржы жұмсалып, жас бүлдіршіндерге түрлі ойыншықтар,  тәттілер мен  сусындар таратылды.

Шараға үлкен қолдау көрсеткен аталмыш техносаябақтың директоры Ордаман Тұрсынбайұлына Алла разы болсын!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники