Аристанов У: «Сәлденің қасиеті»

Ислам діні өлкемізге кіріп келген замандардан бастап ислами мәдениет негізінде мінез-хулқ, мәміле, киіну секілді өмірлік ұстанымдар жайлап үрф-әдетке айналып барған. Киіну мәдениетіне де Пайғамбар с.а.у-нан жеткен сүннет негізінде амал етілген. Уақыт өте келе шекпен, камзол секілді киімдер ұлттық киімдерге айналып барған. Бірақ уақыт өте өмір сүрудің жаңалануы және түрлі  халық, ұлт-ұлыстардың  мәдениеті араласуы нәтижесінде ұлттық киімдеріміз пайдаланудан біраз шетте қалды. Нәтижесінде жоғарыдағы айтып өткен киімдеріміздің ұлттық екендігі ұмытылып, оларға тек діни жағынан қаралатын болып қалды. Сәлде және бас киімдер де солар қатарында.

 Хабарларда келуінше, ибн Умар р.а қызметкері Нофеъға: «Адамдардың алдына жалаңбас шығасың ба?» деді. «Жоқ (бұл істен, будан ұяламын)» деді Нофеъ. Сонда ибн Умар: «Ұялуға Алла  лайықтырақ емеспа?» деген екен.

Сондықтан Алла мен пенденің жүзбе – жүз келетін жалғыз қалатын кезі намазда бас киім киіп тұрған абзал.  Исламда жалаңбас намаз оқығаннан,  бас киім киіп оқу керектігі айтылады. Әсіресе ханафи мазхабында жалаңбас намаз оқу макрух екендігі фиқхи кітаптарда айтылған.  Ата – бабаларымыз бұған амал қылып бас киім киіп намаз оқыған, жалаңбас намаз оқуды күнә деп білген. Тіптен әжетханаға да жалаңбас кіруден қайтарған. Бас киімнің ішінде хадистерде келген Пайғамбар с.а.у сүннеті болған сәлденің орны бөлекше болып, оның фазилеті мен қасиеті өте жоғары, сәлдемен оқылған намаздың сауабы да артық екендігі айтылады.

Ақиқатында сәлде киу Пайғамбар с.а.у сүннеттерінен болып, бұл жайында бірнеше хадистер бар. Убода ибн Сомиттен руаят етілген хадисте Пайғамбар с.а.у:  «Сәлде орап жүріңдер, әлбетте ол періштелердің (басқалардан ажыратып тұратын) белгілерінен. Оны (яғни пешін бір ұшын) арқаларыңызға түсіріңіздер» деген. (Байхақи руаяты)

Абдуллах ибн Аббас р.а руаят етуінше Бадрде түскен періштелердің де басында ақ реңдегі сәлде болғандығы және оның пешін арқаларына түсіріп алғандығы жайлы хабар келген.

Рукона р.а жеткен хадисте: «Пайғамбар с.а.у күреске түсіп едім, мені жығып қойды. Сонда ол заттың; «Бізбен мүшриктердің арасындағы айырмашылық тақиялардың үстіндегі сәлделерде» деп айтып жатқанын есіттім» деген. (Абу Дәуіт және Термизи руаяты)

Бұл хадисте Пайғамбар с.а.у «сәлденің фазилеті» жайлы хабар беріп тұрып, оны «бізбен мүшріктердің арасындағы айырмашылық» деп сипаттады. Яғни сәлде мұсылмандарға ғана тән бас киім екенін жәнеде оның қаншалықты қасиетті де фазилетті бас киім екендігі  жайлы хабар беруде.

Сәлденің қасиеті жайлы Пайғабар с.а.у-нан көптеген хадистер руаят етілген. Сондықтан сәлде орау наби с.а.у – ның сүннеті болып тіпті Жәбрейіл а.с –да Пайғамбар с.а.у алдына келгенде сәлде орап алған халде түскендігі жайлы руаяттар бар. Жабир р.а жеткен хадисте: Пайғамбар с.а.у; «Сәлдемен оқылған екі рәкәт намаз сәлдесіз оқылған жетпіс рәкәт намаздан жақсы» деген болса  басқа бір Ибн Умар р.а жеткен хадисте; «Сәлдемен оқылған бір нәпіл немесе парыз намазы сәлдесіз оқылған жиырма бес намазға тең болады. Сәлдемен оқылған бір жума намазы сәлдесіз оқылған жетпіс жума намазына тең болады» деген. (екуін де Дайлами руаят еткен)

Намаз оқушының халіне қарай сауаптың да әр түрлі болатындығын хадистерден білеміз Мысалы: жалғыз оқылған намаздан жамағатпен оқылған намаздың сауабы мол екендігі сол секілді ықыласпен оқылған намазбен ықылассыз оқылған намаз, хушумен оқылған намазбен хушусыз оқылған намаздардың айырмашылығы секілді сәлдемен оқылған намаз сәлдесіз оқылған намаздан сауабы мол екендігін осы хадистерден білеміз. Сырттай қарайтын болса олардың барлығы бір намазды оқып жатыр бірақ олардың  ниеті, ықыласы, сыртқы көрінісі киіміне қарай да сауабы әртүрлі болар екен. Енді әрбір намазхан өзіне бір назар салсын жоғарыдағылардың қайсы біріне тура келеді.

Сәлденің қандай реңде болуы жайлы да хабарлар келген. Жабир р.а-ден жеткен хадисте: «Пайғамбар с.а.у фатх жылы Меккеге кіріп келгенде басында қара сәлде бар еді»деген.

 Бұл өте танымал болған өйткені Пайғамбар с.а.у Меккеге кіріп келгенін мұсылмандар мен бірге мүшріктер де, достар мен бірге дұшпандар да көрген және руаят етіп қалдырған.

Амр ибн Хурайс р.а – ден жеткен хадисте де сәлденің реңі жайлы айтылады: «Пайғамбар с.а.у – ды мінберде тұрғанын көрдім. Басында қара сәлде болып оның пешін (бір ұшын) екі күрегінің ортасына түсіріп алған еді» деген. (жоғарыдағы екі хадисті Бухариден басқа төртеуі руаят еткен)

Бұл екі хадисте Пайғамбар с.а.у қара сәлде кигендігі руаят етілген болса да сәлденің ақ реңде болғаны абзал екендігі жайлы руаяттарда  айтылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей  Бәдрдегі періштелердің сәлдесі де ақ реңде болғандығы.

Сәлденің пешіні қай жерге түсіру керектігі жайлы хадистерде айтылады Ибн Умардан жеткен хадисте: «Наби с.а.у қашан сәлде ораса, пешін (бір ұшын)  екі күректері арасына түсіріп алатын еді» Нофеъ айтады «Ибн Умар да сәлдесінің пешін (бір ұшын) екі күрегі арасына түсіріп жүретін еді» деген. «Термизи руаяты)

Басқа бір хадисте «Али р.а ұлы Хасан р.а «Мен Расулуллах с.а.у мінберде қара сәлде киіп, пешін (бір ұшын)  екі күрегінің ортасына түсіріп қойғанын көрдім» деген».

Сәлденің пешін (бір ұшын) алдына түсірсе де болатындығы бірақта арқаға түсірген абзал екендігі жайлы және бұл сүннеттен деп айтылған. Ханафи ғалымдарынан болған мулла Али ул Қари : «Сәлденің пешін (бір ұшын)  көкірекке түсірсе де, арқаға түсірсе де болады екеуі де сүннет, бірақ арқаға түсірген абзал» деген.

Сәлде намаз оқушының хушу мен хузуды арттыратыны жайлы айтылады. Сондықтан әрбіріміз намазымызда хушу және хузуды арттыратын және де сауабы мол болуына себеп болатын сәлдені киіп оқуды ең болмағанда бас киіммен оқуды жолға қояйық жамағат. Жасаған құлшылық ғибадаттарымыз қабыл болуын және сауабы мол болуын Алла нәсіп етісн. Әмин.

Келес өңірі «Ешан баба» мешіті бас имамы: Аристанов У

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники