Келес өңірі: Иманды жас ұлт болашағы

Сарыағаш қаласы мәдениет үйінде үстіміздегі жылдың  мамыр айында өткен  «Иманды жас ұлт болашағы» атты кездесу маусым айының 11 жұлдызында Келес өңіріндегі № 110 орта мектебінде жалғасын тапты.

Кездесуге Аудан әкімінің орынбасары Әшірбек Турдалин, Абай ауыл әкімі Алмас Сексенбаев, ОҚО  орталық мешітінің найб имамы Дәрібаев Талғат, Сарыағаш аудан имамы Кенжебеков Қанат, Келес өңірінің молдалары, Абай ауыл тұрғындары, мешіттер жамағаты және ел ағалары қатысты.

Кездесу барысында «Тәубеге түсірген түс» атты сахналық қойылым, әнші Еркін Нуржанов діни әндер орындады.  ОҚО найб имамы және аудан имамы «Жастар тәрбиесі», «Иманды жас ұлт болашағы» тақырыптарында уағыз жасады.

«Ешан баба» мешіті баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники