Сарыағаш ауданының туберкулез емханасынада ішкі істер басқармасы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен емхананың дәрігерлері, медбикелері жалпы басқада қызметкерлері мен емделушілеріне Сарыағаш медресесінің ұстазы Сманов Абдуғаппар мен Сарыағаш ауданының бас имамы Кенжебеков Қанатбек «Абайлаңыз секта» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында «дінсіз қоғам болмайтындығы, қашанда адам баласының жаны дінге мұқтаждығын. Дінді үйренемін деп әр адамның жетегінде кетіп, «Ислам» атын жамылған неше түрлі ағымдарға, тіпті исламға мүлдем жат, діни секталарға кіріп кетіп, соңы неше түрлі келеңсіз жағдайларға алып баратындығы туралы айтылды.