Шардара ауданы: Неке және отбасы күні

Маусым айының 29 — ші жұлдызы күні Облыстық өкілдіктің тапсырмасы аясында Рамазан айындағы 30 күн оразада — 30 іс — шара атты бағдарламасы негізінде Шардара қаласы төменгі тоғай елді мекенінің тұрғындары жас үлгілі отбасы Шомпиев Қайырбекпен жұбайы Ахметова Әмина бүлдіршіндерімен «Шардара» орталық мешітінде қонақта болды. Аудан имамы жас отбасыларға Дана халқымыздың «Отан отбасынан басталады», «Отбасы – шағын мемлекет», — деген ғибратқа толы қанатты сөздерінде терең мән — мағына жатқандығын жеткізді. Отбасы босағасының берік, шаңырағының биік болуы, ондағы жанұя мүшелерінің тату — тәтті өмір сүруі бір — бірлерінің алдындағы құқықтар мен міндеттерді орындауларына тікелей байланысты. Сондай — ақ, тәуелсіз Қазақстан болашағының іргетасы әрбір шаңырақта қаланатыны анық. Бақуатты отбасы — қоғамымыз бен мемлекетіміздің берік тірегі десекте болады. Осы орайда асыл дініміз Ислам мұсылман отбасының іргетасының нық бекем болуына және шаңырақтың шаттыққа бөленуі үшін ең алдымен жақсы жар мен жолдас таңдаудың маңызды рөл атқаратындығын ескертеді. Бабаларымыз: «Екi жақсы қосылса, өлгенiнше дос болады. Екi жаман қосылса өлгенiнше өш болады», — деп қорытындылай келе аудан имамы бүгінгі мешіт қонақтарына «Жұбайлар шаттығы» кітабын сыйға тарту етті.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники