Бас мүфтидің қасиетті Қадір түнімен құттықтауы

 Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, 

 Қазақстан мұсылмандары діни  

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

 

661295_1406104262_890_530_0Әлемдердің Раббысы Алла тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар болсын!  

Рамазан мейірім, молшылық айы болса, сол қасиетті айдың маңызын Қадір түні тіпті мәнді ете түседі. Алла тағала айлардан – Рамазанды, күндерден – жұманы, түндерден Қадір түнін артық еткен. Бұл түнде әлем мұсылмандары үшін өмірлік қағиданың негізі болып табылатын қасиетті Құран Кәрім Хазіреті Пайғамбарымызға (с.ғ.с) түсіріле бастаған. Қасиетті Құран Кәрімнің «Қадір» сүресінде: «Қадір түні мың айдан қайырлы», – делінген. Бұл түнде періштелер жерге түседі.  

Қадір – бойға рух, санаға нұр құятын ерекше түн. Сондықтан осы түнді барлық мұсылмандар құлшылықпен өткізіп, отбасының амандығын, елдің тыныштығын тілеп дұға жасайды. Қадір кешін құлшылықпен өткізген адам үлкен сауапқа кенеліп, екі дүниенің қуанышына бөленеді.

Алла тағала бір ай бойы ұстаған оразаларымыз бен Қадір түнінде жасаған дұғаларымызды, тілектерімізді қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін! Көп ұлт пен ұлыстың тұрағына айналған Отанымыздың бірлігі мен ынтымағы арта бергей! Әмин!

 muftyat.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники