Қаттани мешіті: АУҒАНДЫҚ МҰСЫЛМАН АУЫЗАШАР БЕРДІ

Шымкент қаласындағы «Имам Ағзам» мешітінде Ауған елінен келген мұсылман бауырымыз Вафиулла Кесваршах ауызашар өткізді.- Ауғандық мұсылмандар мен Қазақстандық мұсылмандардың арасында айырмашылық жоқ, керісінше ұқсастықтары өте көп екен, — дейді Вафиулла Кесваршах. – Біз Ауғандық мұсылмандар да Имам Ағзам мазхабын ұстанамыз. Жалпы Ауған елінде Ханифа мазхабы кең тараған. Сіздерде де солай екен. Біз бұл жағынан қатты қуаныштымыз.

Кесваршахтың Шымкент қаласында жүргеніне үш жылдан аса уақыт болған екен. Шымқалада Қытайлармен бірігіп жеке кәсіппен айналысады. Өзінің айтуынша барлық қазақ достары түгел ауызашарға шақырған. «Өз кезегімде сауап жинау үшін, әрі қонақжай достарымның көңілдерін көтеру үшін дастарқан жасадым» дейді Кесваршах.

-          Шетелдік азаматтар ауызашар беруге құштар, Ауғандық бауырымыз ифтар беруге ниет еткенде мешітте бос күн жоқ еді. Өтініп тұрған соң, екі күн қатарынан ауызашар өткізуге ниеттенген бір ағамыздан бір күнін сұрап алдық, — дейді мешіт имамы Өмірзақ Мамырхан.

Имам, ифтар мәселесінен бөлек мешітте атқарылған бірқатар іс-шаралар жайын сөз етті.

-                     Мешітке жәрдем сұрап келетін мұқтаждар саны өте көп. Біз барынша көмек беруге тырысамыз. Өткен жолы Алматы қаласына баласын апарып емдету үшін көмек сұраған бір жігітке мешітке түскен садақадан үш мың теңге бердік, — дейді «Имам Ағзам» мешітінің бас имамы Өмірзақ Мамырхан. — Өткен айда жиырмаға тарта отбасыға бір қап ұн, он кг. ет, бір қап картоп, пияз, бес кг. маи, он кг. шекер, он кг. күріш бергенбіз. Бұлардың барлығы демеушілердің көмегімен жүзеге асты, — дейді имам. Сонымен қатар, мешіттің ішіне төселген кілемдер тозығы жеткендіктен сыртқа шығарылып, орнына жаңа кілемдер төселген. Бұл қайырымдылық шаралардың барлығы демеушілердің көмегімен жүзеге асқан.

Шымкент қаласы А. Қаттани мешітінің баспасөз қызметінен.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники