Түлкібас ауданы: Неке және Отбасы

Түлкібас ауданы Келтемашат округіне қарасты Кершетас ауылындағы Қарлығаш ата мешітінде осы округтің молдалары Мұсаев Балабек пен Нұрланбек Пралиев және Мұхтар Сұлтанов тағы басқа осы ауылдың кәсіпкер жастарының ұйымдастыруымен көшпелі – семинар өткізілді. Бұл семинарға ауыл молдалары мен облыстық мешіттен арнайы имамдар шақырылды.Ауыл молдасы Мұсаев Балабек арнайы берілген жоспар бойынша «Неке және Отбасы» тақырыбында баяндама оқыды. Бұл тақырып бойынша біраз сауалдар облыстық мешіттің наиб имамы Еркебұлан Қарақұловқа қойылды. Барлық сұрақтарға — жауап алған жамағат пен молдалар өз ризашылығын білдірді . Аудандық орталық мешіттің бас имамы Бауыржан Оңалбаев ауыл молдаларына ҚМДБ-нан және ОҚО өкілдігінің бірқатар тапсырмаларымен таныстырды.Соңынан арнайы дастархан мәзірінде сұхбат жалғасын тапты.

 

«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі:

Суретті түсірген: Бауыржан Әзиз.

13.08.2021 жыл

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники