Оңтүстікте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы қортындыланды

Letnie_shkoly_v_vuzahҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі тарапынан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ұстанған төрт бағыты бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының қорытынды есебін хабарлайды. Облыс көлемінде 18-31 тамыз аралығында барлық аудан, қала бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде өткізілді. Онда балаларға мектеп формасы, аяқ-киімі, спорттық киімдері және сөмкесі, дәптер, қаламы мен әр сыныпқа арналған оқу кітаптары қамтылды.  Қайырымдылық көмектің әр балаға шаққандағы құны 1000-35000 (он  мың мен отыз бес мың) теңге көлемінде болды.  Ал оны жергілікті қолы ашық, жомарт жандардың демеушілігімен жинастырылды. Жалпы, облыс көлемінде 1857 мектеп оқушысына көмек көрсетілді. Оған кеткен жалпы соммасы:  27843250  (Жиырма  жеті миллион сегіз жүз қырық үш мың екі жүз елу) теңге жұмсалды. Осы акция барысында қол ұшын берген азаматтарға Алла разы болсын!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники