Шардара ауданы: Шардара мектеп лицейінде кездесу өтті

Шардара ауданы: «Құқық бұзушылықтың алдын алу, бала еңбегіне тосқауыл қою шаралары»

Қыркүйек айының 09 — шы жұлдызы күні Шардара мектеп лицейінде ата — аналар және аталмыш мектептің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу, бала еңбегіне тосқауыл қою шаралары», — атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімнің орынбасары Б. Алипов, аудан имамы А. Данияров, аудандық білім бөлімінің әдіскері Н. Әбілдаев, мектептің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Исаева, қала әкімі аппаратының жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі бас маманы Ж. Мүталиев, «Өскен — өңір» газетінің фото тілшісі Ж. Абдрахымова қатысты.  Шардара мектеп лицейінің педогог психологы Ф. Жұмабаева тренинг өткізіп, мектептен тысқары уақытта ата-анамен баланың ара қарым — қатынасы туралы көрініс  көрсетті.  Аудан имамы имандылық төңірегінде уағыз — насихат айтып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

 

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники