Қыркүйек айының 10-шы жұлдызы күні М. Горький мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Діни ағымдардың алдын алу», — атты тақырыпта кездесу өтті. Оған аудан имамы А. Данияров, Жаушықұм мешітінің бас молдасы Б. Жүсіпұлы, мектептің мұғалімі Г. Батырбекова қатысты. Кездесу барысында аудан имамы қазіргі таңда жастар арасында діни сауатсыздықтың салдарынан кейбір кері тартпа діни ағымдарға еліктеп жүргендерін айтып түсіндірді. Жалпы Уаһһабилік ағымның зияндығы жайында кеңінен түсіндіре келе, сұрақ жауапқа көшті. Жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.