Шардара ауданы: «Құқық бұзушылықтың алдын алу, бала еңбегіне тосқауыл қою шаралары», «Діни ағымдардың алдын алу»
Қыркүйек айының 10 — шы жұлдызы күні Шардара қаласы №1 М.Әуезов жалпы орта мектебінде ата — аналар және мектептің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу, бала еңбегіне тосқауыл қою шаралары», — атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге №1 М.Әуезов жалпы орта мектебінің директоры Х.Мырзабаева, аудан әкімінің орынбасары Б.Алипов, аудан имамы А.Данияров, аудандық білім бөлімінің әдіскері Н. Әбілдаев, мектептің ювенальді учаскелік инспекторы Д.Мұсабеков қатысты. Жиналыс соңынан Шымкент қаласынан арнайы келген Әлеуметтік бастамалар орталығының дінтанушылары Д.Оспанов, О.Усенов «Діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысын өткізді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.