Құрметті қолданушылар мен қонақтар! Сұрақты қатесіз, қолдан келгенше қазақша (латын әріптері емес), дұрыс жазуға тырысыңыздар. Егер қателер болса жөндеуге тырысыңыз.

Сізге білінбейтін шығар. Бірақ сұрақтардың көпшілігі қате жазылады. Сауатсыз адам жазып жатыр ма деген ойға қаласың кейде..

Сұрақтың тақырыбы жазылмаса (мысалы "Ассаламу алайкум") деп жазылса өшіріледі. Себебі оқырмандар сұрақтың тақарыбына байланысты қарайды.

724 сұрақ

487 жауап

9 пікір

329 қолданушы

  • Тіркелу

Қаза намаздар туралы

Ассалаумағалейкум! Таң намазына ұйықтап қалса не істеу керек? Қаза бола ма, қазасын қай уақытта өтеу керек? Алдын ала рахмет! Жауабын асыға күтемін!!!
белгісіз 19 Қазан Ақида сұрақ қойды

Ұнайды

1 жауап

Таң намазын ұйықтап өткізіп алған жағдайда күн шыққаннан кейін күн тас төбеге келгенше, яғни бесін намазының уақытына дейін сүннетімен парызында оқуыңызға болады. Ал бесін намазынан кейін есіңізге түссе онда тек парызын ғана оқисыз.

Асылхан Данияров (5,620 балл) 21 Қазан жауап берді