Ислам діні әйелге тек қана бір еркекпен тұрмыс құруға рұқсат берген. Сондықтан тұрмыс құрған әйел ажыраспай басқа еркекпен тұрмыс құра алмайды. Құран Кәрімде Алла тағала хабар береді: "Некелі әйелдермен үйленулерің харам етілді", - дейді. (Ниса сүресі 24 - аят) Әйел күйеуі өліп немесе ажырасып кеткеннен соң ғана өзге еркекке тұрмысқа шыға алады.