Сайрам ауданы: «ТАЗАЛЫҚ» ЖЫЛЫ ДЕП БЕЛГІЛЕНДІ

Жуырда, Сайрам ауданы, Қарасу елді мекеніндегі «Ислам Абад» мешітінде аудан аралық діни көпшелі семинар болып өтті. Оған өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, аудан имамы Рахматулла Жұмәділлев және ауыл мешіт имамдары қатысты.

Семинар барысында  өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ауыл имамдарына  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің барлық облыстық өкілдіктерге алдағы уақытта атқаратын  алты бағыттан тұратын тапсырмасы берілген болатын. Осы тапсырмаларды ауылдық мешіт имамдарына жеке-жеке түсіндірілді.  Бас мүфти тапсырамысы:

  1.     Ынтымақ бірлік, рухани құндылықтарды насихаттау жұмыстары;
  2.     Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып рухани ағартушылық жұмыстарын күшейту;
  3.     Діни ахуалдың қалыптылығы мен түрлі кереғар ағымдардың алдын алу шаралары туралы;
  4.     Діни басқарма тарапынан берілген пәтуалардың уақтылы орындалуы;
  5.     Дін туралы қабылданған жаңа заңның аясында Имам Ағзам мәзһабы мен  Имам Матруди ақидасын берік ұстану мәселелері;
  6.     Еліміздегі өзге діни конфессия өкілдерімен татулық пен толеранттылықты нығайту жұмыстары.

         Сондай-ақ, семинар барысында  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы негізінде аудандағы атқарылған жұмыстарды сарайлай келе өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров имамдардың қолдауымен 2013 жылды аудан көлемінде «Тазалық» жылы деп белгіленді. Яғни, ауылдық мешіттер мен оның дәретханаларын заман талабына сай етіп жасау мәселелері қолға алынды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    игиликти ис екен. Онынан тусын.

Пікір жазу