Бас мүфти жаңа мешіттің ашылуында (фото)

31 Наурыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған іссапары жалғасуда. Бүгін Бас мүфти Сарыағаш ауданында жаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысты.

Нөсер жауынға қарамастан, мешіт алдына жиналған көпшілік қауым мүфти хазретті асыға күтіп тұр екен. Жасы бар, жасамысы бар, жалпы жамағат Бас мүфтиге сәлем беріп, оны жаңа қызметімен құттықтап жатты.

Ержан қажы Маямеров Алла үйінің ашылу рәсімінде ғибадатхананың ел игілігі мен халық бірлігі жолында қызмет ете беретінін айтты.

«Мешіт салудан асқан бақыт бар ма? Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын. Үйде оқыған намаздан қарағанда, мешітте өтелген ғибадаттың сауабы мол. Мешітке асығайық. Құдайдың үйінде құлшылығымызды жасайық. Құрметті бауырлар, біздер қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп отырмыз. Құлшылық жасауға барлық азамат құқылы. Бабаларымыз жасырын түрде Жаратушыға жалбарынған кешегі атеистік дәуірді артқа тастап, имандылық жолын ұстануға толық мүмкіндік туған тәуелсіз елде күн кешудеміз. Біз бодандықтың қасіретін көрген елміз. Ал қазір, Құдайға шүкір, ешкім бізге неге намаз оқыдың, неге мешітке барып жүрсің демейді. Біз осындай бостандық заманның қадірін сезініп, Құдайға құл, адамға ұл болуды, имандылықты ту етуді мақсат тұтуымыз керек», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти жаңадан бой көтерген Алла үйінің имамына қасиетті Құран кітабын сыйлады. Осыдан кейін жамағат сәлем намазын оқып, дұға жасады.

Сарығаш ауданы Таскескен елді-мекенінде тұрғызылған Толыбай баба атындағы жаңа мешіттің сыйымдылығы – 200 адам.

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

muftyat.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Осындай мешіт согатын қазақтың жігіттері көп болсын. Алланын нүры жаусын.

Пікір жазу