Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ: Уақытша некелесуге рұқсат па?

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти   

 Ержан қажы Малғажыұлы   

Шариғат заңы бойынша екі жастың  уақытша неке қиюларына тиым салынады.  Некені  ешқашан  уақытпен шектеуге болмайды. Уақытша некелесу дегеніміз «накаху мутға» қазақша мағынасы – уақытша рақаттану үшін қиылатын неке дегенді  білдіреді. «Накаху мутғаға» исламның  алғашқы жылдарында рұқсат етілген. Бірақ «накаху мутға» Хайбар соғысы болған жылы харам етілді де Мекке қаласы мұсылмандардың қолына өткенде рұқсат етілді.  «Хажжатул уидағ» Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  соңғы қажылығында осы «накаху мутға»  біржола  харам етілді.

Осы жайында имам  Шафиғи: «Осы «накаху мутға»  сияқты харам етіліп, сосын рұқсат етіліп, сосын біржола харам етілген басқа нәрсені білмеймін»,–деген. ( «Муғни мухтаж» кітабында 3 т.  142   бет ).

«Накаху мутғаның харам екеніне бірнеше дәлелдер келтірейік.

Имам Бұхари мен  имам Мүсілімде  Әли ( р.а. )  айтады: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  накаху мутға мен есектің етін жеуге Хайбар (соғысы) уақытында тиым салды».

ما  رواه  البخاري  و مسلم  عن  علي  رضي  الله عنه \ ان   رسول الله  صلي الله  عليه وسلم  نهي عن  نكاح  المتعة  و عن  لحوم الحمر الاهلية  زمن  خيبر

Субрат  әл Жаһни Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.)  бірге Меккені мүшіріктерден азат еткен уақытта бірге болғанда  Пайғамбарымыз (с.ғ.с. )   былай деген: «Уа халайық, мен «накаху мутғаға» рұқсат берген едім, енді Аллаһ тағала оны қиямет күніне дейін харам етті…».

عن  سبرة  الجهني  \ انه  كان  مع  النبي صلي الله  عليه وسلم  فقال \ يا  ايها الناس اني كنت  اذنت  لكم  في الاستمتاع  من  النساء  و  ان  الله  قد  حرم  ذلك  الي  يوم  القيامة

Қазіргі таңда намазхан жастар осы неке мәселесін терең білмегендіктен «накаху мутғаға»  яғни уақытша үйленуге бой алдырып  жатады . Осы уақытша үйленуге  «Зиуажу – Аттахлил» де жатады. «Зиуажу – Аттахлил» дегеніміз мысалы күйеуі әйеліне үш талақ берген болса, әйелі күйеуіне қайтып оралу үшін басқа бір ермен некелесуі керек. Сондықтан  күйеуі бір адаммен  былай келіседі: «Менің әйеліммен некелесуі те, сосын қайта талақ ет» дейді. Бұл уақытша үйлену. Шариғат мұны  харам етіп, тиым салған.

Күйеуі  үш талақ  берген әйел  жарына  қайта оралуы үшін басқа біреумен неке қиюы керек дегенді дұрыс түсіну керек. Әйел басқа ермен некелескенде уақытша неке қию ниетімен емес, яғни бірінші күйеуіне қайту ниетімен некесін қиюға болмайды. Керісінше оның ниеті бір-бірімен өмір бойы бірге тұру және ерлі – зайыптылық өмірлерін бірге өткізу және үй болып бала сүю сияқты мақсаттары болу қажет. Демек ерлі-зайыптылардың арасында қандай сезім мен мақсаттар болса олардың да арасында сондай  болуы қажет. Егер әйел осы екінші күйеуімен қандайда бір себептермен ажырасып жатса ғана бірінші күйеуіне тұрмысқа шығуына болады. Жоғарыдағы сөз осы мағынаны білдіреді.

Ал үш талақ берілген әйел сол күйеуімен қайта некелесу ниетімен  екінші бір ермен некелессе, онда  неке уақытша неке болып саналады. Мұндай ниетпен үйленгендерге Пайғамбарымыз ( с.ғ.с ) лағынет айтқан.

Ибн Масғуд (р.а.)  айтады: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с ) мухаллилге және мухаллал ләһуге лағынет айтты». ( Бұл хадисті имам Ахмад, Нисаии, Тирмизи риуаят еткен).

عن  ابن  مسعود  رضي الله  عنه  \  لعن  رسول  الله  صلي  الله  عليه  وسلم   المحلل  و  المحلل  له

Хадиске  түсінік:    Мухаллил дегеніміз- ажырасқан әйелдің екінші күйеуі. Сол екінші күйеуінің әйелмен неке қиюдағы мақсаты, ол әйелмен некелесіп сосын қайта ажырасу. Өйткені бірінші күйеуі қайта неке қиып әйелдікке алу үшін. Олардың  арасында осындай келісім болады.

Мухаллал ләһу дегеніміз — әйелдің бірінші күйеуі. Яғни ол әйеліне үш талақ бергендіктен ол әйелін өзіне қайтарып ала алмайды: Сондықтан күйеуі немесе әйелі басқа бір ермен келіседі: «Менің әйеліммен үйлен де сосын қайта ажырас» дейді.

Белгілі сахаба Омар ибн Хаттаб ( р.а.): «Мухаллилді де және мухаллал ләһуді де  таспен атып жазалар едім»,– деген.  Ал, Абдуллаһтан ибн Омар (р.а.)   мұны  ойнастық деп бағалаған.  ( Ибн Мунзир, Ибн Аби Шайба, Абду- Раззақ).

عن عمر رضي الله عنه قال \ لا اوتي  بمحلل و لا محلل له  الا رجمتهما  فسئل ابنه عن ذلك  فقال  \ كلاهما  زان

Мұсылман  әйелдің  мұсылман  емес  ерге  тұрмысқа  шығу  үкімі.

Мұсылман әйелдің некесі дұрыс болуы үшін міндетті түрде  мұсылман ер кісіге  ғана тұрмысқа шығуы тиіс. Мұсылман әйелдің басқа дін өкіліне тұрмысқа шығуына шариғат тиым салған. . Оған дәлел  Құран кәрімнің  «Бақара»  сүресінің 221- ші аятында: «…Және иман келтіргенге  дейін мүшірік ерге мүмін әйелдерді   үйлендірмеңдер».

قال  تعالي  \  و  لا  تنكحوا  المشركين  حتي  يؤمنوا

Мумтаһина»  сүресінің 10- шы аятында: «Әй мүміндер, сендерге мүмін муһажир әйелдер келсе, оларды сынаңдар. Олардың имандарын Аллаһ жақсы біледі. Сонда егер олардың мүмін әйел екендігін білсеңдер, онда оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Бұл әйелдер, оларға халал емес, олар да бұларға халал емес».

قال  تعالي  \  يا  ايها  الذين  امنوا  اذا  جاءكم  المؤمنات  مهاجرات  فامتحنوهن  الله  اعلم  بايمانهن  فان  علمتموهن  مؤمنات  فلا  ترجعوهن  الي  الكفار  لا  هن  حل  لهم  و  لا هم  يحلون  لهن

Осы жоғарыда келген екі аятта да Аллаһ тағала мұсылман әйелдің кәпір ерге тұрмысқа шығуына тиым салады.  Оның  себебін Аллаһ тағала  «Бақара» сүресінің 221-ші аятында баян етеді: «Олар (мүшіріктер) тозаққа шақырады да, Аллаһ өз ұйғаруымен жәннатқа шақырады. Сондай-ақ адамдар үгіт алсын деп, аяттарын баян етеді».

قال  تعالي \  اولئك  يدعون  الي  النار  و  الله  يدعو  الي  الجنة  و  المغفرة  باذنه  و  يبين  اياته  للناس  لعلهم  يتذكرون

Мұсылман әйел кәпір ерге тұрмысқа шықса,  күйеуі үстемдік  жасап оны иманнан алыстатуға  ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан Аллаһ тағала мұсылман әйелдің кәпір ерге тұрмысқа шығуына тиым салған.

muftyat.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    айелiне талак беруде айелi естуi шаги па? Куйеуi мен айелi узак бирге турмаса реке бузылады ма?

Пікір жазу