Шардара ауданы: Имандылық — қастері қасиет

«Біздің тегіміз түрік, дініміз ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек», — деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Осы орайда Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі Н. Балқыбеков оқушылардың бойына адамгершілік қасиетін қалыптастыру, жауапкершілік дағдыларын арттыру, өмірге белсенділікке бағыттау, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу мақсатында «Имандылық — қастерлі қасиет», — атты  тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс — шараға Тұрысбеков ауыл округі Шардара ауылы «Шардара» мешітінің бас имамы Абдраманов Смат, учаскелік инспектор Б. Хайруллаев, ауыл әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі маманы Е. Сүлейменов, мектептің оқу ісінің меңгерушісі Г. Сүлейменова,  тәрбие ісінің меңгерушілері С. Рүстемова мен Ұ. Алжанбаев қатысты. Сабақ барысында ауыл имамы Абдраманов Смат қазіргі таңда белең көрсетіп жүрген кері тартпа діни ағымдар жөнінде ойын жастармен бөлісіп, ортадан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу